Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үндемеу үлкен тактика екенін мен осы арада ұқтым. Бауыржан маған ақыра бастаса, менің оған қарсы қолданар негізгі тактикам осы болуы керек деп қорыттым.

«Ана бөлме» дегені кухнямен іргелес, қораның ішкі жағына қарай шығатын балконы бар бөлме екен. Бөлменің сол жағында жиналмаған аласа ағаш төсек, оның қарсысында үсті қобыраған газетке толы дөңгелек журнал үстелі мен екі кресло тұр. Он жақ қабырғада жабулы тұрған есік бар. Кіре берістегі, балконға қарсы қабырғаға биік шкаф қойылыпты.

Бауыржан аяғын жерге тіреп, шалқалап төсекке жайғасты. Тайға мінген ересек кісінің тізесіндей болып, екі тізесі төсектен асып тұрды.

Журнал, газеттердің үстіне он шақты парақ ақ қағаз қойылған екен. Газеттерді жинап, түкпірдегі креслоға қойдым да, өзім екінші креслоға отырып, қалтамнан қойын дәптерімді суырдым. Оны суырғанмен көлемі шағын дәптерге көсілтіп тез жазу қиын болатынын сездім де:

— Бауке, рұқсат болса, мынау қағазға жазсам ба екен? — дедім.

— Е, жазғын, саған әдейі қойылған қағаз ғой, — деді Бауыржан. Өйткені мен бұл үймен кеше телефон арқылы хабарласқанмын. — Ал «Жұлдыз» саған не жаз деп отыр?

— Оларға сіздің алпысқа толуыңызға орай бір нәрсе керек сияқты. Атап айтқанда жазушының мүшел мерекесіне байланысты жазылатын дәстүрлі мақала қажет көрінеді, — дедім мен. — Ондай мақала жазуға мен әдебиет зерттеушісі, сыншы емеспін. Ал сіздің творчествоңызды талдауға жай сыншы емес, әскер психологиясын білетін өзгеше сыншы керек. Сіз туралы очерк жазу да қиын. Өйткені сіздің ерліктеріңіз жайында Александр Бектің, Бауыржан Момышұлының кітаптарында толық баяндалған. Сол қалың кітаптар арқылы халықтың сүйікті кейіпкеріне айналған адам жайында он беттік очеркте мен не айта аламын, Бауке? Олар не айтсаң да сен айт, сен де соғыста болған адамсың ғой деп менің түп етегімнен ұстап отыр. Мен оларға өзімнің әскери, әдеби атағым сізден әлдеқайда кіші болғандықтан сізбен тілдеспей, сізден рұқсат алмай ештеңе жаза алмайтынымды айтып, өзіңіздің елден келуіңізді тостым. Міне, бүгін қалың оқушы қауымға сіз туралы не айтуға болады деп өзіңізбен ақылдасуға келдім,

Бауыржан біраз үнсіз отырды, дәлірек айтқанда төсекте үнсіз шалқалап жатты. Содан соң қаһар шақырғандай қабағын түйіп алды. Бірақ жауабын жай бастады.

— Мен туралы менен рұқсатсыз ештеңе жазбаймын дегенің дұрыс, — деп бастады сөзін. — Бірақ, қарағым, сен өкпелемегін; мен өзім туралы ешкімге мақала диктовать етпеймін! — Ол он шақты сөзін жұмсақтап жылы етіп бастағанымен, оған «қарағым» дегенді қосқанымен, соңғы сөздерін маған ежірейе қарап, қатуланып айтты. Мен бір ол кісіге әзіңіз туралы мақала жазып беріңіз, мен соған қол қояйын деп мөлиіп отырғандай, сол үшін мені түтіп жіберердей боп зығырданы қайнағаны білінді. Мен сізге өзіңіз туралы мақала жазып беріңіз деп келгенім жоқ десем: «Енді неге келдің» деп тап беретін сияқтанды. Мен жоғарыдағы «тактикама» сай, мойнымды салбыратып отыра бердім. — Екіншіден, — деді Бауыржан даусын одан сайын көтере түсіп, — мені мақтап жаз деп ешкімге де айтпаймын!

Баукең сабасына түссін деп біраз үнсіз отырдым да, содан соң барып басымды көтердім.

— Онда қалай болады? Менің не істеуім керек? — дедім мен әдейі абыржыған болып, Бауыржан не дер екен деп.

— Осы тойғаныңмен қайта бергін, қарағым.

Бауыржан сенімен сөз бітті дегендей, мойнын есік жаққа бұрып әкетті.

— Тойып қайтсам арманым не, тоймай тұрмын ғой, Бауке, — дедім мен күліп, — онда сізге біраз сұрақ қойсам қайтеді?

— А сұрағың болса, сұрағын, — деді ол енді мойнын бері бұрып маған тура қарап. — Оған жауап беруге болады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий