Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

II

Тау ішінің жаңбырлы қараңғы түні Бақтығұлдың көңлінде көптен шешілмей келе жатқан күдікті бір сәттің ішінде оп-оңай жазып жібергендей болды.

– Күздің ұзақ түні мынау. Кәзір алған малмен соқтырып кетсем, таң атқанша ұзап кетем. Осы жауын ізімді де шаяды. Түк алмай қайтпақпын ба? Қаңғырып жүріп, қадалған жерден нәр сызбай кеткенім бе? – деді.

Түн баласында малмен араласа көп жүрген машықты көзбен маңайды тағы бір шола қарады. Көп жүрген жер. Мол, ұлы тау. "Жетекке ал, да бел асып, тоғайға батып кете бар" деп сыбырлап, жетелеп тұрғандай.Кейде тау қара түн, ақ жауынның ішінде дию, алып мекеніндей көрінеді. Сыпсың қарағай жапқан түкті беттері жақын жерден қап-қара болып үңірейіп, қараңғылықтың түпсіз терең зынданы сияқтанады. Кей тұста екі-үш түкті тау мен қара жартасты биіктер бір араға түйісіп келіп, әлдебір обырдың қойнындай тұңғиық қара қолтық жасайды. Тау жолы – көбінесе биікті көлденең кесіп отыратын қаптал жол. Жауынды күні бұл қауіпсіз де емес. Тіп-тік беткейде аттың қос тұяғы қатарынан сыймай-тындай тар соқпақты басып жүру керек. -Ондайда жүргінші атына ғана сенеді. Құлын күнінен осындай тауда қиялай жайылып, арқардай тәсіл алған тау жылқысы ғана көңілге сүйеу болады. Бақтығұлдың боз аты сауыры бүлкілдеп, үрікпей-қорықпай, әр аяғын өлшеп, дәлдеп, нық басып, өз өнерін көрсетіп келеді. Қазіргі шақты есті жануар кәдімгідей ұққандай. Иесінің тақымы сәл күдікпен сескеніп барып, қабырғасын қысқандай болса, боз ат елең етіп, алдына үңіле қарап, арқасының сенімді қозғалысымен иесіне күш береді. Жол ғана тайғақ емес, аяқ басар шөп те жауын суымен жылпылдап, көк тайғақ боп жатыр. Боз атты сол қинады. Нелер бейнетті жүрістерді басынан көп атқарған жырынды, мықты Бақтығұлды да сол сескендірді.

– Бұл жауынның қашан бітерін қайдан білейін. Ол бітпесе, иттей қатып, осылай сүмеңдей бермекпін бе? -деп, әр нәрсені еске алып, аз бөгелді де, аяғында: -Сәлменнің өз жылқысы болмай, Қозыбақтың басқа бір аулының жылқысы болса да аламын осыдан! Қозыбақтың бәрінің де жылқысын баққам. Бар Қозыбақ түгел менің қанды мойын құныкерім! – деп, бозды тебініп қалып, оң жағындағы бетке қарай қапталдап ерлей бастады. Анығында есе тиіп, Тектіғұл үшін Сәлмен құн төлер болса, бар Қозыбақ аулына үлес тиетіні рас.

Бақтығұл үйден шыққанға екі күн болғандыктан, местегі малта да таусыла бастаған. Сол екі күндей шайнама жемеудің үстіне, енді сусын да жоққа тон. Тау ішінің аш қасқырындай бұралып, Сарымсақтының қарағайында бір күн, бір түн бекініп жатты: ел көзіне түспеймін деп еді, аш күйінде ұйқы да көрген жоқ. Басында үйден аттанғанда ойдағысы жалғыз Сәлмен жылқысы еді. "Ең болмаса Сәтті қолға берсе" деп -еді. Енді жол қиындығы, күзгі түн суығы, аштықпен бұралу – бәрі жиналып келіп, өзге Қозыбақтың жылқысына болса да тиісуге жетектеді.

Әлі ойға кетпеген жылқы бұл шақта далаға көшкен елдің жайлауларында жататын. Дөң жайлауға қарай бұрылған соң-ақ, мұның көңлінен күдіктің бәрі біртіндеп арыла берді. Ендігі халі ауыр емес, жеңілдегендей. Артын көре жатар. Құныкері Сәлменнің өзі болса, ағайыны ақталып құтыла ма! Ол – бір байлауы. Бұның бәрі өз бетіне. Оның үстіне мынау жадау күзде анау арттағы үйдің жүдеулігі қандай! Телміріп қолына қарап отырған қарны аш қатын -баланың ортасына бір семіз тайды, я бір ту биені апарып сойса! Үйінде жатқызбай, қара талқан, құр тарыға ырза қылдырмай, бозға міндіріп, түнді жамылтып алып шыққан айдаушының бірі сол ғой.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий