Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жылқы аз ғана үркіңкіреп, бергі шеті әрі қарай бұрылып, жылжи бастады. Үйірдің орта шенінде жайылып келе жатқан қалың жалды, баран айғыр жерден басын жұлып алып, елең етіп, құлағын Бақтығұл жаққа тіге қойып, оқыранып жіберді. Бақтығұл қоралы қойға шапқалы келе жатқан қасқырдың құйрығын қысып, басын төмен салып, елеусізденіп сөлпеңдеп жүргені сияқты, жай ғана қалғып келе жатқан жылқышының кейпін көрсетпек болды. Өте баяу ілбіп келіп, айғыр үйірінің ортасына кірді.

Әуелде көзіне көрінгеннің көбі ұсақ тай-байтал сияқтанды. Қараңғы түн дәл қасына анықтап, жақындап келгенше, жылқының арық-семізін де танытпай-ды. Енді шеттегі жылқылардан өтіп, ортаға таман жақындағанда, дәл қасынан көлденең жылыстаңқырап өтіп бара жатқан күзеулі үлкен семіз боз биені көрді. Осындайда нағыз ойға алатын төңкерілген семіз ту биенің өзі.

Бақтығұл "іздейтінің осы" дегендей, көп ойланбастан, атына жабысқан бойында қаршыға тастайтын аңшыдай қисайыңқырап келіп, боз биенің мойнына қыл арқан бұғалықты тастап кеп жіберді.

Ала жаздай мойнына құрық тиіп көрмеген, асаусып кеткен ту семіз осқырып қалып, ытқып кетті. Боз ат, бұл қимылды күткендей-ақ, иесі тақым қақпастан, ілгері қарай тез ғана жылжи түсті.

Бұл ат «қашаған қуғыш боз» деп те мақталушы еді. Мына жерде иесіне сол өнерін анық көрсетті. Әйтпесе оқыста ытқып тартқан ірі асау Бақтығұлдан бұғалықты жұлып әкетуі қиын емес еді.

Бие көпке шейін тоқтамай, ырық бермей, бұғалық тартты. Бірақ есін жиып сақтанып, жіңішке мойынға қыл шылбырды дәлдеп салып алған Бақтығұл енді босатпады. Көк бие өзге жылқыға қарай ығысып, сүйретпек болған сайын ұрының қолындағы қыл бұғалық мықтап қысып, буындыра берді. Ақыры әл кетіп, тынысы тарылған жануар әмірлі қолға еріксіз бағынып, үріккен бойда құлағын тігіп, кекжиіп тоқтап қалды. Бұл уақытта жакындары жылкының кеіібірі үріккендей кісінесіп, кейбірі наразылық көрсеткендей, ішін тартып осқырып, Бақтығұл мен боз биеден ығысып оқшау кетіскен. Оған Бақтығұл қараған жоқ. Әлі де үркіп, сіресіп тұрған биеге ақырын ғана лық-лықтап жанасыңқырап келіп, ноқталап алды. Содан әрі қамшысының ұшымен биені сауыр жағынан сипай ұрып қалып, қатарға алып, бұрыла берді.

Сол ғана шақта байқаса, қақ қасына, қоян қолтық ұстасатын жерге бір еңгезердей үлкен жылқышы келіп қалыпты. Тек бұл жылқышы сойылын көтермейді. Бетпе-бет қарсылай, тұп-тура келіп қалған. Дыбыс шығармайды. Ұрының түрін көргенге есі шығып қалған ба, әлде мұны жылқышы дей ме – екінің бірі.

Бақтығұл айқай шықпай тұрғанда тебіне жөнелмек болды. Сол қимылын байқаған жылқышы әуелгідей үндемеген ұйқылы-ояу мәңгілікпен боз аттың шылбырынан ұстай алды. Бақтығұлдың халі бір мүйнет ішінде ойламаған қатерге ілінді. Жаңағы боз биенің мойнына өзі салған шалма бұғалық енді міне – сарт етіп әз мойнына түскендей боп қалды. Бірақ жылқышы таңғалдырды. Мұны ұстаса да, өзіне-езі сенімсіз кісі. Дәл осы тұста Бақтығұлдың ойына бұл адам сап ете түсті: ол – Сәлменнің Қоқай дейтін бойы еңгезердей, бірақ адамның босы, қорқақ жылқышысы.

Бақтығұл бұл жылқыны басқа Қозыбақ аулынікі деп ойлап келсе, енді олай емес: анық өзінің ауызға, ойға да алғаны – қас дұшпаны, құныкері Сәлменнің өз жылқысы боп шықты. Мынау болса – жылқышы атаулыға күлкі боп жүретін, қоқайған бойынан басқа түгі жоқ, өз қорқақтың өзі. Осы жайларды.шолақ-шолақ жүгірте ойлап, тез есін жиып алған Бақтығұл: "мені бұл ұстаса да, қорқып тұрған неме ғой" деп байлады. Сөйте сала бозды тебініп жіберіп, тепсініп келіп: "тарт қолыңды!" деп, қатты зекіп, ақырып қалып,

қамшысымен топшысынан келтіре көміп тұрып, жылқышыны қақ бастан тартып кеп жіберді.

Қоқай қалбаң етіп аттан ұшып түсті. Жепшенді жерде қорқа қоймайтын мықты Бақтығұл сотқар тентектікке салып еді. Сонысы дегендей ем болды".

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий