Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ендеше, өлімнен ұят күшті. Ел көрмеген сұмдыққа, ел көрмеген жаза керек! - деп Құнанбай байлауын айтты. Қайта басар түрі жоқ. Тас түйін боп бекініп, түйіліп алған көрінді.

Отырғандар осы күйді танып қалды. Құнанбайдың бұлай беттеп алғанда, қайта оралар қайырымы жоқ, оны бәрі біледі.

Не айтысып-шарпысып кету бар. Немесе іштен қоштамаған уақытта Байсал, Бөжейдің бір тәсілі: міндет, мысалды Құнанбайдың өзіне бастатып, артын өзіне тастап кететін әдеті барды.

Жан күйер жер болмағанда, олар осы соңғы мінезді көп қолданатын. Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін.

Бірақ Құнанбайдың мына сөзі үндемеске де қоймайды, үндеуге де жібермейді. Дел-сал етті. Үй іші бірталай уақыт жым-жырт отырды.

Қодарды Абай білмеуші еді. Оған бұл ат әуелі - «Қозы Көрпеш - Баянның» Қодарын елестетті. «Сұм» дегеніне қарағанда да, былтыр Байкөкше ақын бұның шешелеріне жырлап берген Қодардың бейнесі сияқты. «Қодар деп соған ұқсаған біреуді әдейі сол атпен айтып отыр ма» деп ойлады.

Жым-жырт жиынның ішінен алдымен сөйлеген - майысқақ Қаратай. Ол:

– Сұмдық екені рас. Ұлы-қызыңның басына бермесін. Шын болғанда, кәпір қауымында кететін іс қой бұл, - деп, «Қодардың айыбы шын ба, бекер ме?» деген өз ойларындағы күдікке ептеп қана бір соғып, қиялап салды. Қодардың бұл жиындағы аталасы Сүйіндік. Құнанбай бағанадан зіл салғанда, әдейі соған шұқшиған. Оны да жұрттың бәрі біліп отыр. Қодар қылығының орайын алдымен өз туысына «айыпты», «сорақы» дегізіп өз аузынан айтқызып алу Құнанбайға да керек.

Ал Сүйіндік сол сөзді оп-оңай, бір айналмай айтып салса ертеңгі тауқымет бұнда. Және алдымен Қодардың сол Құнанбай айтқандай айыптылығына да көзі жеткен емес. Ол Қаратайдың шапшаңдығынан бір пайда да тапқандай болды. Әсіресе, оның «шын болғанда» деген босаң тастаған жерін ұстады да:

– Осы айыбына көз жетсе, тұрғызып қойып бауыздайық. Бірақ сол шынына жеткен жан бар ма?.. - дей беріп еді. Құнанбай серпіліп, ілгері ұмтыла түсті.

– Ей, Сүйіндік, - деп киіп кетіп ұрыса сөйледі, - албасты да қабаққа қарай басатын. Қыры жоқ, қасиеті жок басшы болса ыбылыс, жын иектемей нетеді.

Адал десек, аман десек, жан берейік, ақтайық, ақыретте айыбын өз мойнымызға алайық. Бірақ, менің екі бірдей жаным жоқ. Майысар болсаң, жаныңды да берерсің. Беремісің, жаныңды?! -деп сарт етіп өзіне жабыса түсті.

Сүйіндік Құнанбайдың бағанадан бергі зіліне енді ызалана бастап еді.

– Е, тастай алмай жүрген жаным жоқ! Терге демесем, жанымды ала ғой деп кепілге келіп пе екемін, - деп томсарып қалды. Мұның қолынан келген бар қарсылығы осы еді. Баж еткенмен, ықтап кеткен секілді, Құнанбай сезді де, енді жүйемен ұтпақ боп, қуғынға салды.

– Тергесең, Қодар сұмдығын аңыз қып, көпке жайып әкеткен елді терге. Ел тұрсын, кешегі жиында бетімізге былш еткізіп, жарып айтқан жатты терге. Соған да жеткен. Бар да «өтірік» деп соны иландырып келші. Ел аузына қақпақ болып көрші. Бірақ ол қолыңнан келмейді. Ендеше, не ер бол да, ақта!

Немесе илан да жазала! Тек, жарықтығым, дүмбілезіңді көрсетпе, былқыл-сылқылыңды аулақ әкет! - деді.

Енді Сүйіндік те үндей алмай қалды. Аз бөгелген соң бағанадан Құнанбайға сыр алдырмай, салқын ғана қарап отырған Байсал:

– Қара деп жазалаған күнде, мұның жазасы не болмақ, - деп еді, Құнанбай:

– Жазасы шариғат жолы. Шариғат не бұйырса, сол болады. Мұндай сұмдыққа қазақ айтқан жол жоқ. Кесігін де айтпапты, - деді.

Құнанбай бұған шейін ашумен, зілмен кеп, енді осы тұста күйзелгендік күй көрсетіп, осымен жиынның қабырғасын қайыстырғысы келген.

Бәрі де тіреліп қалды. Ат тұмсығы, бір бітеу, меңреу қабырғаға тірелген сияқты. Жалтара алмады да, үндеспеді.

Аз ойлағанда Бөжей өз ішінен: «шариғат та жөнге, шынға қарайтын шығар, ақай жоқ, ноқай жоқ, көрінгенге бұйда бере бермес» дегендей.

Бірақ, бұл ойын айтса, Құнанбай тағы бойлап тартып кетеді. Сондықтан үндеген жоқ. Тағы да шапшаң Қаратай:

– Ал, шариғат бұл Қодар қылығына не бұйырады екен? - деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий