Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Екеуінің арасы 5-6 жас. Сондықтан Абай қазір де оған аға есепті. Оспан келе бергенде бұ да құшағын жайып бетінен сүйді. Үлкендер бұлардың жаңа көріскенін сезіп, мына мінездерін кешіргендей. Бірақ, келесі минутта-ақ Оспан өзінің тентектігін танытып, абыройдан айрыла бастады. Ол, «қайда жүрдің» деп ақырын сұраған Абайға жүресінен отырып, ағасының мойнынан құшақтап, өзіне қарай тартты да, құлағына бірнәрсе сыбыр етті. Бұнысы бір қатты нашар боқтық сөз еді. Шеткі үйде өзінің ағасы Тәкежаннан үйреніп кепті. Сағынған ағасымен ең алғаш тіл қатқанының өзі осы. Абай сескеніп, құлағын тартып қап:

– Өй, не дейсің? - дей беріп еді, Оспан атып тұрып, мұны бассалып құшақтап:

– Айтпа, айтпа деймін анаған! Айтушы болма анаған!.. - деп, әкесі жақты нұсқап, Абайдың аузын аштырмай, шалқалатып жыға берді.

Абай бір жағынан еріксіз күліп, екіншіден қысылып, бойын жиып алайын деп еді. Денесі кесек, қолы қайратты Оспан түрегеліп алып, шалқалата жығып салды. Және соның үстіне, ұртына тығып жүрген бір сілекейлі қатты нәрсені әп-сәтте Абайдың көйлегінің омырауын ашып, жалаңаш етіне тигізе тастап жіберді. Абай сескеніп, тітіркеніп ырши берген. Үлкен кісі сияқты боп отырған шәкіртті, мына бала бір сәтте кішкене балаша алыстырып, арпалыстырып жіберді.

Оспан оның тітіркенгеніне мәз болып, әкесін ұмытып сақылдап күліп:

– Бақа! Бақа салып жібердім көйлегіңе, - деп, Абайды бұрынғыдан да жаман тітіркендірді.

Құнанбай өзінің арт жағында отырған балаларының не қып жатқанын байқамаған. Енді тентек Оспанның дағдылы мінезі құтырып, үдей бастаған соң ашуланып, шұғыл бұрылып, жалт қарады. Жаңа байқады. Алпамсадай болған, асау қара баласы, Абайдың кеудесіне мініп ап тұрғызбай жатыр екен.

Құнанбай өз алдындағы мына бейбастыққа қатты ашуланып, Оспанды сол қолымен өзіне қарай жұлқып сүйреп алды да, жақтан тартып-тартып қалды.

Оспан екі беті нарттай жанып, үлкен көздерімен әкесіне шоктай қадалып, сазарып тұрып алды. Ұрғанына титтей міз баққан да, қалт еткен де жоқ. Бұның бәрін көріп отырған Сүйіндік Байсалға күбір етіп:

– Жаным-ау, қасқыр бала мынау ғой! - деді.

– Құж, десеңші. Мынадан ба, мынадан шығар-ау! - деп Байсал да күңк етті.

Құнанбай атшабарға қатты әмір етіп:

– Бар, алып кет қарғыс тигенді! - деп Оспанның бетін бұрды да, итеріп қалды. Бала сүрініп құлай берген-де, атшабар да қармап көтере берді. Оспан дәл сол әкеден құтыла беруді күткендей атшабар енді көтеріп алғанда, үйдегінің бәріне естірте, арт жағынан жел шығарып, «тырқ» еткізді де кете барды. Майбасар Қаратайға көз тастап, бір езуін тартып, басын шайқады.

– Қап, мына абыройсыз, бар абыройдан бір-ақ айрылды-ау! - деді.

Қонақтардың кейбірі ақырын күліп қалды. Қаратай, Байсалдар Оспанның кетісін өз іштерінде: «қорқып кеткен жоқ, егесіп кетті» - деп бағалаған.

Құнанбайдың бұрыннан да түйіліп, айтар сөзін бастамай ызаланып отырған қалпы бар еді. Мынау тұста тағы да суынып, түнере түскендей болды. Үй іші бірталай жым-жырт отырып қалды. Сонымен, біраз томсарып отырып барып қайта қыбырласқанда Құнанбай ойдағы сөзін бастады.

2

Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр. Оқтын-оқтын іргеден соққан жел лебімен әлсіз шам кейде ұйтқып, шалқи түсіп, кейде лапылдап, жалпылдай жанады. Қырын отырған әкесінің үлкен кесек пішіні Абайға жартылай ғана көрінеді.

Түсі суық. Қара сұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып алыпты. Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр. Зор даусында ыза мен зіл бар. Кейде Абайға қызық көрінетін бір мақалдар, мәтелдер айтылып кетеді.

Абай әкесінің сөз желісін, түп мәнісін түсінген жоқ. Кейбір мақалдарын ғана таңдана шешіп отыр. Осы бар үлкеннің мұндай жердегі салты бойынша, әкесі де тұспалдап, орағытып ұқтырмай сөйлейді. Бір сөзімен бір сөзін жалғастыруға Абай үлгірмей, адасып қап отыр. Өзіне салса, жаңағы көңілді үйге, шешесінің жанына қазір кетер еді. Бірақ, әкесі шақырған соң енді шығып болмайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий