Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Көлемі аз бұлақтың айналасына жиі қонған ауылдардың үйлері де, шұбыртқан малы да, адамдары да кешкі мезгілде ыю-қию араласып жатқан сияқты. Жер ошақтардан шыққан түтіндері де біріне бірі қосылып ұласып, тұтасқан көкшіл мұнардай тарайды, Үрген иттер, мал қайырған айғайлар, маңыраған қой, қозы шулары араласып жатыр. Кешкі суға келе жатқан қалың жылқының кісіней шапқан дүбірі, шаң-тозаңы болсын, немесе оқта-текте азынай кісінеп, үйірін іздеп шапқан, мінуден босаған жас айғырлар дауыстары болсын - барлығы да осы отырған ауылдардың осы кештегі тіршілік тынысын білдірген сияқты. Баланың барынша сағынған көрінісі. Қазір жүрегін аттай тулатып, соншалық қуантып, еркін алған көрінісі. Жүргіншілер бұлақтың дәл қасына ең жақын қонған ауылға келе жатыр. Ортасында бес үлкен ақ үйлер бар, көп үйлі ауыл - Абайдың екі шешесі Ұлжан мен Айғыздың ауылы.

Осы ауылдың шеткі үйлерін сырттап, кешкі жайылымға, батыс жаққа қарай жаңа өріп бара жатқан бойдақ қойдың ішін аралап, ортадағы үлкен үйлерге қарай беттеп келе жатқан үш аттыны бұл ауыл тез таныды. Әсіресе қораның ортасында қосақталған қойды сауып отырған қатындар бұрын көрген екен. Етектерін белдеріне қайырып түріп алған, алжапқыш тартқан қалыптарымен, қолдарына шелектерін ұстасып, жүргіншілерге қарап:

– Қалашылар, қалашылар келеді!

– Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апасына айтайыншы, - деді бір қартаң қатын.

– Бәсе, Телғара ғой... жаным-ау, мынау... Телғара! Әпкеме айтайыншы, -деп, тағы бір жас қатын, жеңге де үлкен үйге қарай ұмтылысқан.

Сағынған баласының келер мөлшерін Байтас кеткеннен бері шешесі Ұлжан да есептеп, осы бүгінге ұйғарып жүр еді. Қырықтың ішіне жаңа кіріп, семіз тартып қалған сар-қызыл бәйбіше жаңағы дауыстарды түгел естіді. Өз үйінен шығарда, төрде отырған енесі Зерені де хабарландырып, сүйемелдеп ерте шықты.

Құлағы көптен мүкіс тартқан кәрі әжесінің ең бір жақсы көретін немересі Абай-ды. Оны есінен шығармай, дұғасына кіргізіп, тілеуін тілеп отыратын.

Аттылар үйдің сыртына келе бергенде алдарында, сол үлкен үй мен күншығыс жағына тігілген қонақ үйдің екі арасында бұларды күткен бір топ жан тұр екен. Жаңағы шешелерден басқа: жеңгелер, көрші үйлердің қатындары, бірен-саран тыста жүрген шал-кемпір, онан соң осы ауылдың барлық үйлерінен шығып, жүгірісіп келіп жатқан балалар бар. Бұл топқа қарай ауылдың үлкендері де жан-жақтан дабырлап сөйлеп, ағылып келіп жатыр.

Осы жиынға қараған бетімен, екі жолдасынан озып кеп бұрын түскен Абайдың атын біреу алып кете берді. Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:

– Әй, шырағым балам, әуелі аржағыңда әкең тұр... Сәлем бер! - деді.

Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар - әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды. Байтас пен жорға Жұмабай да анадайдан аттарынан түсіп жаяулап жетектеп, Құнанбайға қарай келеді екен. Бірақ өңі сұп-сұр, зор денелі, бурыл сақалды Құнанбайдың жалғыз көзі бұларда емес. Батыс жақтан 4-5 атты жолаушы келеді екен. Арты Қыдырдан шыққан жолаушылар тәрізді.

Өздері өңшең толық денелі, үлкендер сияқты. Құнанбайдың бүгін әдейі тосып отырған адамдары болу керек. Ол соларға қарап тұр.

Байтас пен Жұмабай тақай бергенде Абай да қасына кеп қалып еді. Үшеуі бірдей жамырай сәлем берді. Құнанбай тез бұрылып сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Тұрған орнынан қозғалған жоқ. Баласын қасына да шақырмады. Азғантай уақыт Абайға қарап алып:

– Балам, бойың өсіп ержетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? - деді. Кекету ме, жоқ күдік пе? Немесе шынымен жай білгісі келгені ме?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий