Knigionline.co » Казахские книги » Запах полыни / Жусан иісі

Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Запах полыни / Жусан иісі» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В рассказе «Запах полыни» автор передал жизнь народа после войны. Главные герой рассказала подросток, у которого отец и брат были на войне, матери не было, а единственная бабушка умерла. Автор передал переживания и душевную боль… Это произведение расширило горизонты литературы Казахстана.

Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қосым төбелескенде ылғи баж етіп кеп бетті тырнайтын, сондықтан оны тырнауық дейтінбіз, өзінен көп балалар қорқатын. Оған тек Есікбай ғана тік келуші еді. Қазір де ол:

- Ой, кетші ары, тырнауық мысық. Сенің үйіңде алтын барын да білеміз, - деп ентелеп келе жатқан Қосымды көкірегінен итеріп жіберді.

Есікбай - сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала еді. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін.

Қазір де ол Аянның алдында қыр көрсеткісі кеп:

- Тырнағының қайсы - ей, мысық? - деп, Қосымды аяғынан шалып қалды. Қосым жалп етіп ұшып түсті де, терісі сыдырылған тізесін ұстаған күйі, көзі жасаурап қайта тұрды. Біраз жүргеннен кейін Есікбай оның басынан түйе тоқай ала бастады. Жылап жіберген Қосым тырнамақ боп ызақорлана ұмтылған, Есікбай оны ұзын қолымен тұмсықтата салып жіберді. Қосымның мұрнынан қан дірдектеп, бақырып үйіне кетті.

Сол күні біз суға түсіп, күнге қақталып, кешке дейін тоспа басында ойнадық. Аян бұрыннан таныс адамдай етене боп кетті.

Ол өте ақ көңіл, ақылды бала екен. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де тез көне кететін жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті. Ең жақсы қасиеті - ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейтіндігі еді. Бір-екі рет кейбір шатаққұмар балалар тиісіп ие көрген өзіне. Аян үндеместен қабағын түйіп, ондайлардан сырт айналып кетіп жүрді. Өзінің жауап қайыра алмағанына налығандай боп:

- Менің көкем де жоқ, апам да жоқ, сондықтан төбелессем әжем ұрсады ғой, - деп қойды ол.

Алыс-жұлыс ойын үстінде күрескенімізде ол біразымызды жығып кетті. Тек Есікбайдан ғана жығылды.

Алғашқы күннен бастап Аянмен етене жақын дос болуды әркім-ақ ойлай бастаған. Бірақ ол ешкімге ерекше ықылас білдірген жоқ. Бірімізден-бірімізді бөліп жарған жоқ. Бәрімізбен де жақсы жолдас болды.

Үш-төрт күн өткен соң, әбден үйренісіп алғаннан кейін ұрынарға қара таппай жүретін Есікбай басқа балаларға істейтін қылығын Аянға да істеді. Онымен төбелескісі келіп, өзінен-өзі жөнсіз тиісе бастады. Аян оған жасқаншақтай қарап:

- Қойсаңшы енді, - деп күңкілдеген сайын, Есікбай ыржақтап кеп, қайта-қайта оның басынан тоқай алып, аяғынан шалып, мазасын кетірді.

Ыза болған Аян ақырында:

- Төбелесесің бе? - деген. Есікбай оны мазақтай түсіп:

- Сенімен бе, қойшы-ей! - деп кеп, сілекейін Аянның бетіне жаға салды. Мұнан әрі шыдау мүмкін емес еді.

- Мен бұл көшенің ортасында төбелеспеймін. Жүр анау сайға. Ел көрмейтін жерге барып төбелесейік, - деді Аян.

- Қойшы-ей, мынау дөй ғой-ей, - деп Есікбай сілекейін Аянға тағы жақты. - Жүр, ал Есікбай көкеңнің жұдырығын иіскегің кеп тұрса.

Ол енді Аянды итермелей түсіп, сайға қарай жүгірді. Екеуінің төбелесін көру үшін біз де ердік. Сайға түскен соң Аян жейдесін шешіп, шеткі бұтаның басына ілді де, бірден Есікбаймен алыса кетті. Есікбайдың бойы анағұрлым биік еді. Екеуі шартпа-шұрт белдескен кезде, ол Аянды белінен қапсыра қысып, қайқайтып бойымен басты.

Бірақ қанша күшенгенімен жығуға шамасы келмеді. Дереу бір қолымен Аянды кекілінен шап ете қап, шалқасынан гүрс еткізді. Жығып ап Аянның бет-аузына былшылдатып соға бастады. Аян тырс етіп үн шығармастан, астында жатып құр қол-аяғын ербеңдете береді. Тек бір кезде Есікбай:

- Ой-бай!.. - деп баж ете түсті де, бір жағына қарай бұраңдап жығыла берді. Аян оның қолын бұрап жіберген екен. Енді Аян күш алды. Ол аузы қан-қан болып атып тұрып, Есікбайды алқымынан бүре түсіп, жер сүздіріп тұқырта берді. Өздері апыр-топыр қылған қара топыраққа Есікбайдың бет-аузын бір-екі рет көміп-көміп жіберген.

- Ойбай, болды, болды… - деп айқай салды Есікбай. Аян оның басынан аттап тұрып кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий