Knigionline.co » Казахские книги » Запах полыни / Жусан иісі

Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Запах полыни / Жусан иісі» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В рассказе «Запах полыни» автор передал жизнь народа после войны. Главные герой рассказала подросток, у которого отец и брат были на войне, матери не было, а единственная бабушка умерла. Автор передал переживания и душевную боль… Это произведение расширило горизонты литературы Казахстана.

Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

- Қалай біледі-ей! - деп, таңырқауын жасыра алмады.

Енді біреу менің құлағыма сыбырлап:

- «Нуы» деген не-ей? - деп сұрады.

- Білмеймін, - дедім мен де.

Бірақ бұл сөздің мағынасын сұрап алуға батпадық.

Ертеңіне Аянның әжесі жерленді. Жұрт ат қойып зираттан қайтқанда, Аян әжесінің қабірінің басында елдің ең соңынан шошайып жалғыз қалды. Ол бұл күні де жылаған жоқ. Қарлы топырақ араласқан жас қабірге жаутаңдап біраз қарап тұрды да, бір уыс топырақты іліп ап: «Топырағың жеңіл болсын, әже!» деп шашып жіберді. Онан соң қып-қызыл боп тоңған екі қолын аузымен кезек-кезек үрлеп қойып, ауылға қайтты.

Сол күні Аян әжесінің тумаласы Бапай деген шалдың үйіне көшті.

Біз көшеде сырғанақ тебуге кіріскенбіз. Дәл осы кезде, азын-аулақ көрпе-жастық тиелген шананы Бапай айдап, Аян өзі қоңыр сиырын бұйдасынан жетелеп көшенің басындағы шалдың үйіне көшіп бара жатты. Қоңыр сиыр үйренген қорасынан шыққысы келмей тартыншақтай бастаған, біз бір топ бала шуылдаса қаумалап артынан айдадық. Қоңыр сиыр көзі шарасынан шыға шатынап, танауын пысылдатып басын шайқап-шайқап, Аянды сүзіп жіберердей боп алға қарай оқтана жүрді. Бірақ сүзген жоқ, жүріп келе жатқан бойда Аянның қаудырлаған сары тонының етегінен иіскеді де, тұмсығын созып, ыңырана мөңіреді. Аян ақсаңдаған күйде бізге бұрыла қарап:

- Жануар, бәрін біледі… - деді.

Аянның сиырын Бапай шалдың үйіне дейін айдасып барғаннан кейін біз сырғанаққа оралып, ойынға қайта кірістік. Сәлден соң Аян да сырғанақ басына келді. Өзінің шанасы жоқ, сондықтан елдің шана тепкенін қызықтап қарап тұрды. Бірде менің көк тақтайлы шанамды нұсқап:

- Менің де шанам дәл осындай еді, көшкенде ана жақта қалды, - деп қойды.

Мен оның жаудырап қарап тұрғанына шыдай алмай:

- Мә, Аян, сен бір жол теуіп кел, - деп шанамды бердім. Қуанғанынан ол езуін жия алмай ыржия күліп кеп шанаға отырды да:

- Ал кім менімен жарысады! - деп айқайлап еңіске қарай зулата жөнелді.

Менен кейін оған шанасын Садық берді, онан кейін Есікбай берді, қысқасы Аян бәріміздің шанамызды бір-бір реттен теуіп шықты. Ол қып-қызыл боп қара терге түсе ентігіп, алабұртып, елден ерекше даурыға сөйлеп, сақылдап күлумен болды.

Ымырт сәулесі ыдырап қараңғылық үйіріле бастаған кезде, басынан тұмағын алып желпіне тоқтаған Аян:

- Жүріңдер, бүгін мен кешегіден де қызық ертегі айтамын, - деді.

Біз опыр-топыр болып шуласып, Аянның бастауымен Бапай шалдың үйінің іргесіне келдік. Аянды ортаға алып, енді жайғасып отыра бергенімізде, есік ашылып, сыртқа Бапайдың кемпірі шықты да:

- Үйібай бетім-ай, бұ дүбірлеген не десем, мыналар екен ғой. Аулақ жүріңдер әрі, өй өңшең топырлаған немелер! Онысы несі-ай, тап терезенің түбіне кеп үймелегендері! - деп қуып жіберді.

Енді қайттік, дегендей көшеде аңтарылып тұрғанымызда Садық:

- Мен таптым қай жерге отыруға болатынын, - деді. Бәріміз соған қарай қалдық.

- Анау ат қораның төбесіне шығайық та, шөпке белуардан кіріп-ап отырайық…

Біз санымызды шапақтап уралап, ауылдың шетіндегі ат қораға қарай жүгірдік. Арт жағы аласа тас қораның үстіне тырмыса-тырмыса шығып алдық та, сол күні ғана Қараойдан әкелінген көк жауқазын шөпті үңгіп-үңгіп жіберіп, отыра-отыра кеттік. Құрғақ шөптің танауды жарған хош иісі мас қылғандай тұла бойды шымырлатады. Шетімізден пысқырынып, мұндай рахат дүние тапқанымызға мәз-мейрам боп, бірімізді-біріміз итеріп қап шөпке аунатып, сықылықтай күлісіп, жұмсақ шөпке тығыла түсеміз.

Бәріміз алқа-қотан жайғасқаннан кейін ортамыздағы Аян тісінің арасынан сызылта шырт дегізіп түкіріп қойып, көтеріле түсіп, астына шөп жұмарлап, басқамыздан орнын биіктеу ғып отырды. Онан соң қабағын шытып, ойға батқан күйде төмендегі үңірейе қарауытып жатқан терең құзға көз жіберді. Біз де еріксіз енді солай қарай жалтақтадық. Құз іші қорқынышты.

- Ертеде бір жетім бала бопты… - деп Аян екінші ертегісін бастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий