Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұнда келгелі жас мырзаның көзі көп нәрсеге жетті: Ақбала күйеуге шыққасын да Еламанға баяғыдай салқын; тек ата, ана қосқасын шарасы құрып, лажсыз көнген. Ал, бұған деген махаббат бәз - баяғыдай. Қыз кездегіден бұны артық сүймесе кем сүймейді. Қайта, сүйгеніне қосыла алмаған әрбір әйелдей, бұрынғыдан да арман үздіге түскен бе? Ынтызарлық па, құштарлық па, қайсысы болса да, тағат, сабыр таусылып, шыдам шегіне жеткен кез осы ма? Соған дәл келді ме? Ана қарашы, қасында қабағын қарс жауып, тұнжырап отырған осы үйдің еркегі бар ма, жоқ па, тіпті ойына кіріп-шыққан жоқ. Әлгінде дастархан үстінен қолын созып кесені беріп жатқанда бұған екі рет көзін іркіп қарап еді; әсіресе соңғы қарағанда кірпік астынан ұзағырақ қадалған қара көздің шоқтай маздаған жанарында құдды түнгі өрттің сәулесі шарпып өткендей, енді сәл кідірсе өзімен қоса бұны да өртеп жіберетіндей жалындап тұр екен. Жас мырза дірілдеп кетті. Осы үйге жолы түскесін келе қалған әлдебір кездейсоқ қонақ емес, тіпті әрілесе үй қожасы дастархан басында мұртына қатқан мұзды үгіп отырған ана жаман балықшы да емес, осы үйдің нағыз қожасы бұның дәл өзі сияқты. Өзіне деген Ақбаланың ықыласын көргесін ол енді өзін ертеден бері үй ішінің шырқын бұзып, тұнжырап отырған мына немеге сыртын беріп, көбіне Ақбала екеуі сөйлесті. Дастархан жиналғасын тымағы мен қамшысын алды.

─ Сау бол, Ақбала.

Есікке жақын тұрған келіншек сәл кейін шегініп, сыртқа беттеген жас қонаққа жол берді. Қоштасар жерде Еламан ернін қимылдатқаны болмаса, отырған орнында тырп етпей отырып қалды. Шабалақдаған иттер бейуақта аттанған қонақты ауыл сыртына ұзатып салды. Ат тұяғының дүбірі әбден ұзағанша Еламан тырп етпеді. Ол бағана бір кергенде -ақ мына бәйгі күрең бұл өңірдегі өзі білетін жылқылардан түсі бөлек мал екенін білген -ді. Шамасы, бұ да қаншелек Кәленнің қолынан шыққан ұрлық мал болар деп ойлаған. Мынау шынында да қуса - жетіп, қашса - құтылатын ат.

Баяғыда... құдық басында болған төбелесте бұның әкесін Тәңірбергеннің әкесі Абыралы қуып жетіп, көк сүңгіні салғанда да Абыралының астында дәл осы бәйгі күреңдей жүйрік ат болмады дейсің бе?!

─ Тұр, төсек салайын!

Көрпені көкірегіне қысып дікектеп тұрған әйелге Еламан көз салмады. Дала тастай қараңғы екен. Жел бағанағыдан да қатая түсіпті. «Мұзды қуып кетпесе қайтсін?»

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий