Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тәңірберген Ақбаланы жаңа көргендей. Бағанадан бері жұпыны үйдің бір жағын тұнжыратып отырған мына үй иесі есіне түскенде ғана мойын бұрғаны болмаса, қалған уақытта көзі де, көңілі де Ақбалада. Ақбала қыз кезінде талдырмаш нәзік еді, бала көтергесін толығып, иегі астына болар-болмас бұғақ пайда бопты, тұла бойындағы қалған мүшесі де бүл білетін баяғы қыз кезіндегіден балғын тартқан. Қашанда бойын күте білетін Ақбаланың бұл жолғы киімдерінің бұрынғыдан сәні де, ажары да бөлек екен. Әйел болғасын да ақ жібек шәліні басына жаулық қып тартпай, екі шетін қайырып әкеп желкесіне әншейін немқұрайды байлай салғаны да жас келіншектің сымбатына ерекше үйлесім тауыпты. Үстіндегі ақ торғын көйлекті де бала көтергелі толыға бастаған денеге лайықтап қынамасын қыспай, әдейі кеңдеу, молдау тіккен. Ақ торғын көйлектің отырса да, тұрса да жел шақырып делиіп ала жөнелетін етегі бұл келгелі тыным көрмей ұшып-қонып жүрген келіншектің үй ішіндегі қимылынан дүркіреп хабар беріп, екі еркек елең ете қап отыр. Әне, есік ашылды. Шапшаң ашылған есіктен әуелі аппақ көйлектің етегі көрінді. Делиген етек ар жақтан аппақ келіншекті ешқайда бұрылдырмай, тұп-тура қақ төрде отырған қонаққа әкелді. Қолына ұстай кірген құрт - ірімшікті қонақтың алдына төккелі бұл кезде әжептәуір толығып қалған денесін сәл иіп, тізесін сәл-пәл бүккенде, о, Алла, әлдебір ақ құс ғайыптан пайда боп, дастархан шетіне қонғандай, әлгі аппақ ақ торғын көйлектің делиген етегі қапелімде жан-жағына жайылып, айналасын ақшаңқандап көміп жіберді. Жас мырза ес-түсінен айырылып, ақтарылып қалған. Бұл не? Өң бе? Әлде түс пе? Әлде, осы күндері әйелінің қасында жатып та Ақбаланы ойлағанда нәпсісі құрғырды ұстай алмай, ақсары әрқашан баяғыны аңсайтын... сонда дәл осындай әдемі ғажап елес есін алмаушы ма еді? Тәңірберген дастарханға құрт - ірімшік төгіп жатқан Ақбалаға «Кетпеші!» дегелі ұмтыла түсті де, өзін әзер тоқтатты. Иә, мынау өңі болмас. Баяғыда, қайсыбірде екі ауыл қатар қонатын. Сонда ел тегіс ұйқыға кеткенде Ақбала екеуі ауыл сыртындағы күркіреуде кездесетін. Екеуден - екеу оңаша кездескен сол бір айлы түндерде екі ынтық екі жақтан жүгіріп кеп ыстық құшақтар үнсіз айқасып, ұзақ жабысып тұрар еді де, сонан айрылысар жерде бұл ылғи да осылай «Кетпеші! Тоқтай тұршы!» - деп қиылушы еді ғой?!

Тәңірберген Ақбалаға үйлене алмағанына өкінді. Не қыласың, бұның өзінен болды. Екі ағаның дегенінен шыға алмады. Қоңсылас отырған бір іргелі елге арқа тірегісі келді де, Ақбаланы жылатып, Ұлықұм бойын жайлаған Тілеу - Қабақ руының белді бір жуанының қызына үйленіп еді. Сонан бері Ақбалаға кездесуге беті шыдамай жүрген-ді. Сүйтсе, ой, айналайын-ай! Кісі асылы, әйел затынан садаға кетсе болмас па?! Апыр-ай, бұған не өкпе, не наз, кінә артып, опасыздығын бетіне баспады - ау.

─ Шай алсаңшы, -деді Ақбала бұған кесені өз қолымен әперіп жатып.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий