Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Еламан өзін әзер ұстады. Ақбалаға жекіп «отыр, шайыңды әкел!» дегісі кеп әлденеше оқталса да, бірақ соның бәрінде де дәл айтар жерде аузы бармады. Соның үстіне Мөңке келді.

─ Ақсақал, төрге шығыңыз!- деді қонақ серпіліп, жоғарғы жағынан орын беріп.

─ Тырп етпе! Қазақ баласы сендер төрде жүрсеңдер біздің басымыз жерде қалмас,- деп Мөңке қонақтан төменірек отырды да,- ие, бала,- деп Тәңірбергенге бұрылды,- келе қоймайтын ауылың еді ғой бұл. Жай жүрсің бе?

─ Аң аулап шығып едім.

─ Ә, аң аулап жүрсің бе? Қалай қанжығаны қандадың ба?

─ Өткен жолы осы маңнан қашқан бір түлкіден айырылып қалғам. Сәті түсіп соған кездескенім.

─ Апыр - ай, ә?! Жолың болған екен.

─ Сары қаншық түлкіні көп қумаушы еді. Осы жолы біраз шалды. Тап мына сіздің ауылдың сырт жағындағы қоңыр төбеге келгенде жетті.

─ Е- е, келетін ойым жоқ еді, түлкі әкелді де. Мақұл! Мақұл!..- деп Мөңке лекіте күлді де,-бала, осы сенің інің қайда?- деді.

─ Жасанжан Орынборда, оқуда ғой. Жақын арада келеді, - деп Тәңірберген тілдесетін кісі табылғанына қуанып, Мөңкеге қарай бұрылып еді. Бірақ Мөңке арғы жағында отырған Еламанға бұрылып, екі балықшы өзара шүйіркелесіп кетті.

─ Сені Оралскі байы шақырды деді ғой?

─ Иә, шақырды. Мұз үстіне қашан шығасыңдар дейді.

─ Сен не дедің?

─ Не дейін... Мұз әлсіз, көп адам боп шоғырланып жүру қауіпті дедім.

─ Дұрыс айтқансың. Ал, Шодыр не деді?

─ Не деуші еді, балық керек деп шолтаңдап тұр.

─ Е, байға балық керек болса, кедейге жан керек емес не екен?

Еламан үндемеді. Қарт балықшы енді Тәңірбергенге бұрылды:

─ Қонақ бала, мен осы бір әңгіме есіттім ғой... Сенің қойлы ағаң болыстың сайлауына түсті деген не? Рас па?

Құдайменде байды ел арасы кемсітіп Қаратаз дейтін. Мөңке бұл арасын сыпайылап келтірсе де, бірақ ар жақ көмейінде «қойы болмаса, тәйірі со да кісі ме?!» деген кекесін тұрды. Көңілі жүйрік жігіт соны сезсе де, сыр бермей:

─ Иә, ол кісі сайлауға түсті, - дей салды.

─ Қадамы қайырлы болсын!

Шын көңілден тілектестік білдіріп жатқан сияқты еді. Жас мырза да солай қабылдап еді, бірақ Мөңке тағы да аяқ астынан мінез шығарып, қасында отырған Еламанды тақымынан басып қойып:

─ Көрдің бе, бала?! Азуы пышақтай, арқасы ошақтай ағаларың, әне, үйірге түскісі кеп жүр. Ертеңгі күні құтпан айғырдай, ел шетін торып, азынап шыға келер, әлі-ақ! - деп тағы да лекіте күлді де, - жә, мен кетейін, - деп түрегелді.

─ Асқа қара!

─ Рақмет! Ауру баққан үйміз ғой... Жеңгең жалғыз. Үйге барайын.

Мөңке жас қонаққа назар да салмай, сырт орай берген суық қалпы шығып кетті.

* * *

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий