Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

─ Ел - аға... ассалаумалейкүм!

Еламан салқын амандасты. Сонан артық тілге келмей, суық қапқан киімі сықырлап, есік алдында теріс қарап тұрып шешінді. Ә дегенде Ақбала іштей абыржып қалса да, бірақ іле-шала өзін де, өңін де оп-оңай билеп ала қойды. Қолындағы шаруасын тастай салды да, қашанда өзін ұстай білетін сабырлы қалпын сақтап, көк сауыр кебіс киген ып-ықшам аяғын ақырын ырғаң-ырғаң басып есік алдында шешініп жатқан Еламанға барды. Қолынан су киімдерді алды. Алуын алса да, бірақ оны қайтерін білмей, өзінен қашыртып әрегірек ұстап тұрды да, сосын ошақ жанындағы отын үстіне тастай салды. Әдетте, теңізден келгенде Еламанның су киімін пешке жаятыны есіне кейін түсті. Соған өзі ыңғайсызданып қалса да, бірақ қонақ жігіттің бұны көзінің астымен бағып, жымиып күлімсіреп отырғанын байқады да, отын үстінде жатқан су киімге қолын созбады. Төрде мұрты жылтырап, түк білмегенсіп тымсырая қалған жас мырзаға бұрылып сазара бір қарады да, сосын қайтып оған көңіл бөлген жоқ. Ендігі қылығының бәрі оған бейне «күлсең күле бер. Тәңірі маңдайыма осы балықшыны жазғасын қайтем?.. Ендігі жерде осының отын жағам, осыған қызмет етем» деп, ар жағында айта алмай, ішін өртеп жүрген ызасын ашынғанда бір- ақ аңғартты да, осыдан кейін қысылмай да, қымсынбай күйеуінің бар жағдайын істеп, пеш түбіне төсек салды, иығына шапан жапты. Еламан қонақ жігіт көзінше өзіне көрсеткен Ақбаланың ықыласына дән ырза.

─ Ел - аға, біз көріспегелі қай заман?! Қалай, ауыл - ел аман ба?

─ Шүкір.

─ Балық талабы қалай?

─ Қайдағы балық?..

─ Иә, мұз қатпай тұр ғой. Қыстың кештегені мал ұстаған шаруаға жақсы болса да, сендерге қиын екенін білем.

Еламан үндемеді. Тәңірберген оның ыңғай бермеген сыңайын байқаса да, бірақ түк болмағандай түсі шіміріккен жоқ. Иығындағы түлкі ішіктің екі шалғайын тақымының астына басып, ырғалып қойды да:

─ Ел - аға,- деп әңгімені әріден қозғады,- көрші отырған қоныстас ауыл едік. Қуанышымыз бен көрер қызығымыз ортақ емес пе еді? Аталас болмасақ та, екі ауыл аядай жерде іргелес отырғасын бір дәнді жарып жеп, бір малдың сүтін бөліп ішкен бүтіндік емес не еді көздегеніміз? Солай емес пе, Ел - аға?

Еламан мырс етті. Бірақ бұл жолы да үндеген жоқ.

─ Шынымды айтайын, кеше сен үйленгенде тойыңа шақырар деп дәметіп едім...

О, залым! Бұл не, мазақ па? Тым құрыса, түзде де емес, үйде, төріңде отырып... Зығыры қайнаған Еламан аузына сөз түспей, ішінен тынып, түсі бұзылып отыр. Қанша қиын болса да, осы кеш мына залымның алдында сыр бермей, шыдап баққысы кеп еді; оған бірақ өзін ұстаса да, өңін билей алмай, салқынқандылығын сақтау қиын боп бара жатқасын басын бауырына тартып, түсін бермей томсарып отырып мұртына қатқан мұзды бір- бірлеп үгіп түсіре бастады. Тәңірбергенге әлі назарын тіктеп қараған жоқ; Ақбалаға да қарамауға тырысты. Дәл қазір Ақбалаға қараса көптен көкірегін қарайтып жүрген талай күдіктің бетін ашатындай қорықты. Әншейінде жаннан жасқанбайтын ала көз тұнжыраған қабақ астына тығылып қалған. Бұл қазір қарамайын десе де, қарамауға тырысып бақса да, бірақ... Осылай отырып та көкірегі құрғыр бәрін сезіп отыр. Бала көтергелі Ақбалаға отырып - тұру қиындап қалғанына қарамай, үйге қонақ келгелі бәйек боп ұшып-қонып жүр. Әне, сыртқа шықты. Міне, ішке кірді. Сыртқа шығып, ішке кіріп ұшып-қонып жүріп шай демдеді. Ұшып-қонып жүріп дастархан жайды. Жас қонақтың асқа қарамаймын дегеніне болмай, әлі сол аяғы жерге тимей, ұшып қонып жүріп әкесіне сақтап отырған сыбағалы мүшені солайымен қазанға салды. Жоқ, мынау бұрынғы Ақбала емес. Басқа. Мүлде... мүлде басқа. Әне, ең аяғы үйде жоқ нәрсені осы ауылға келін боп түскелі есігін ашпаған ана көрші, мына көршіге жүгіріп, біреуден ана жоқты, біреуден мына жоқты сұрап әкелді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий