Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

─ Тарт қолыңды! Берекетін алма отымның басының! - Дос тіл қатайын деп еді, Ақкемпір ақырып, тыйып тастады:

─ Тыңдамаймын сөзіңді. О заман да бұ заман, жаман қатынды сабап жақсы еткен жігітті көргем жоқ.

Қарақатын күйеуінің енді қол қата алмасын біліп, бүк түсіп отыра қап, ошаққа маңдайын сүйеп солқылдап жылады. Ол, әрине, көз жасымен күйеуінің жүрегін жібіте алмасын білді. Үй ішінен өзіне жақтасатын жанашыр да іздеген жоқ; ол дәл осы арада өзінің дәрменсіз сорлылығын мойындап, сағы сынып налып жылап еді. Үй ішінің лаңынан запы боп қалған балалар әлден үрейі ұшып, шырқырап жылап, шам жақпай, қоңыр кеугім үйдің іші әп - сәтте азан - қазан болды да кетті.

Дос далаға жүгіре шықты. Өн бойын ессіз өшпенділік кернеген жігіт босағада сүйеулі тұрған тоқ шотты қолына ұстай ұмтылып еді. Томырың дөкір жігіттің ашу үстінде бір лаңды істеп салуы сөзсіз еді. Үйіне жақындап қалған Еламанды көрді де, қолындағы сығымдап ұстаған шотты лақтырып жіберді. Ол тек Еламанның үйі алдында қаңтарулы тұрған күміс ер - тұрманды бәйге күреңге жалт етіп тістене қарады:

─ Туһ! Неше, сірә, қатынжанды болғанда да...- Дос ызаға булыққан қалпы ішке кірді.

* * *

Бас тоқсан кіргелі әлдеқашан. Бірақ көптен күн жылымықтанып, ұлы теңіз ұстаса қоймады. Биылғы жел біртүрлі есірік. Жағалау қаймақтанып, кілегейлене бастаса - ақ, арқадан шыққан қатты жел әлсіз мұзды бет ашыққа айдап, қуып әкетіп тұрған. Кешеден бері күн ызғары шұғыл қатайып, бір түннің ішінде Тұщыбас бұғазы көз ұшына дейін ұстасып, Еламан, Мөңке, Дос, Рай қазандық балық үшін бастарын қатерге тігіп, мұз үстіне шығып жүр. Әлсіз мұз сәл салмақ түссе майысып, сықырлап қоя бергесін бұлар шоғырланып жүруге қорқады. Онда да әзір тереңге бармай, аз ғана ауын теңіздің тайыз басына салып, үй ішінің қазан қайнатқанын нәпақа көреді.

Бұған Еламан дән ырза. Екіқабат әйеліне жас сорпа ішкізгенге мәз. Қолтық ұстасқалы ұйқысы қашып кетті. Таң атқанша әлденеше тұрып, жағаға барады. Жаңа ұстасқан жағалаудың мұзын теуіп, ертең өздері көп кісі боп шыққанда көтере ме, жоқ па, байқап көреді. Кеше де күн батар алдында теңіз жаққа көз салып еді; қара қатқан суың күшке мініп қылшылдап тұр екен. Еламан әбден қас қарайғанша тұрды. Ай туған жоқ. О шеті мен бұ шетіне көз жетпейтін аспанға шоқтай маздаған жұлдыздарды әлдекім быжынатып шашып жібергендей. «Ертең күн шағырмақ, ашық болар»,- деді Еламан. Ертеңіне бұл тіпті ерте оянды. Түнімен тырп етпей шыққан Ақбаланың ұйқысын бұзғысы келмеді де, төсектен ақырын түсті. Үй ішінде де сыбдырсыз ақырын қозғалып, кеше жатар алдында пешке жайған киімдерін киді. Күндегі әдетпен бүгін де түннен қалған бірдеңені талғажау етті де, Ақбала екеуі «жылауық неме» деп ат қойған жаман есікті сықырлатпай ақырын ашып, сыртқа шықты. Есіктен шығып бара жатып бұрылып артына қарап еді, Ақбала оянбапты, жаңа өзі қымтап кеткен көрпе астында қол-аяғын бауырына алып, тып - тыныш жатыр екен. Бүкіл ауылда бұнан басқа бір жан оянбапты.

Еламан теңізге тартты. Түнде жел тұрған ба, таяуда жауған үлпілдек қардың бет жағы борап, жағалаудың мұзы қайсыбір жерлерде кәдімгідей жалаңаштанып, ар жағы көктайғақтанып ырсиып қапты. Сонан бұл аң қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз. Мұз ояды. Ау қарайды. Теңізге шыққанда, сірә да, маңындағы кісі - қараның бар - жоғын байқамайтын. Төбеде көк аспан. Табан асты көк теңіз. Екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір жөнінде ойлайды. Өзі жөнінде ойлайды. Өзінің теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. Әке - шешеден ерте айрылды. Әкесімен бірге туған ағасы - Есбол бұл арадан бір күншілік жерде тұрады. Баласыз, жалғыз жетім шалдан қайыр шамалы. Ендігі жанашырдан - немере іні - Рай. Бірақ ол жас. Өзі сияқты о да әке - шешеден жастай жетім қалды. Қазір қарт әжесі екеуі өз алдына түтін түтетіп отыр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий