Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ақбала бәрін естіп, бәрін білсе де, иманы селт еткен жоқ. Қайта сөз тасып, сыпсыңдаған сумақай қатындардың алдынан өтерде, кім білсін, әйел нәсіліне тән сайқалдың па, елде ауылдас әйелдер айтса айтқандай менмен тәкаппарлық па, әйтеуір миығына мысқыл шаптырар еді де, сосын Құдай берген ажар - көрікті, қасақана әлгілерге «Ал, көр! Көріп ал!» дегендей, тәкаппар басын шалқақтата тік ұстап, аяғындағы қылмиған қазық өкше етікті аналар іші күйсін дегендей сықыр-сықыр басып алдарынан өтер еді. Байдың қызы болмаса да, Ақбала бұрын дәл бұндай өмірді көрген емес. Бұрын, ой, несін айтасың, мал жайымен қыста теңіз жағасын сағалаған қалың ел сонан көктем шығар - шықпаста қырға қаптай көшер еді. Бірі ілгері, бірі кейін көшкен елдің алды кең жайлауға аяғы қалай жетті, солай оты, суы мол салқын сабатқа аппақ үйлерді біріне бірін жарыстырып қаз - қатар тігер еді! Қатар қонған екі ауыл, кейде үш ауылдың үлкендері қонаққа шақырысып, ана жақта келелі кеңес құрып жатса, мына жақта суға барған қатындар құдық басында шұрқырасып, ымы - жымы ыңғайласып, ыдыс - аяқтар араласа бастар еді; жастар жағы бәрінен бұрын жол тауып, күнде - күнде күн батқанын асыға күтер еді де, қалай қас қарайды, солай ауыл сыртындағы жасыл төбенің астында бас қосар еді; сонан қашан жазғы таң сары белден ағарып атқанша ақсүйек ойнап, алтыбақан теуіп, ән шырқап ұлы дүрсіл салар еді; қыста қалың түскен қар қайсыбір жылдары көктем шығар - шықпаста қауырт еріп, көл табанға жиналған ағыл - тегіл мол суға қаз - үйрек жаз бойы қанаты сатырлап ұшып - қонып қиқу сап жатар еді. Сонан сары шілденің әне бір аспан айналып жерге түскендей ыстығы шындап күшке мінгенше ауыл іргесіндегі сай, жыраларда қар суы кенерінен асып күркіреп жатар еді. Кең жайлау шұбартқан мал. Сағым ойнаған салқар даланың сонау шетінде, көз ұшында тырнадай тізіліп көш кетіп бара жатады. Мына жақтан салт атты жолаушы қыр астынан сылаң етіп шыға келеді. Сонан ол бір қырдан бір қыр асып жуық арада қарасы көзден үзіліп болмайды. Ол кім? Қайда асығып барады? Алдында әлде үміт, әлде бір аңсаған арман күтіп түр ма?О, дариға, көктемде бір көрінген қызғалдақтай қыз байғұстың басындағы қып - қысқа дәуреннің несін айтасың?! Қырда отырған ауыл кешкісін өрістен мал келерде кәрі - жас түгел дүрлігіп, сүріне - қабына сыртқа шығар еді - ау! Өрістен қайтқан малдың алдында ботасы ауылда қалған жас інген жер түбінен боздап, сиырлар мөңіреп, қойлар маңырап, ауыл үсті әп - сәтте азан - қазан болар еді де, үй болған үйден қарына шелек ілген әйелдер шығар еді; тұлымы желкілдеген кіп - кішкентай Ақбала да анасына қолғабыс беріп, өздеріне қараған аз ғана саулықтың қозыларын көгендеп, аяғы - аяғына тимей зырлап жүргені. Сонан қашан сауын мал сауылып болғанша бұған да тыным жоқ, тек сонан бір кезде көз байланып, ымырт үйіріліп ап - сап болғанда ғана ошақта от жанып, үй - іші кешкі аста бас қосып, дастархан басына жиналар еді; ол өмірдің несін айтасың?! Ірге түрулі. Есік түсірілген. Түндік ық беттен жартылай ашылған. Үй іші асқа отырғанда сыртта көген басында жатқан қойлар мекіренеді. Оқта - текте түйе пысқырады. Көшпелі өмірдің бұ да кішкентай бала кезден қанға сіңген қимас бір қызығы еді ғой! Кім білсін, соны ойлай ма, Ақбала қазір тіпті көңілсіз. Бір жолы жылап отырған үстінен шықты. «Төркін жұрттан жайсыз хабар есітті ме?». Зәресі ұшқан Еламан: «Не болды? Жайшылық па?»- деп еді, Ақбала ләм демей, сырт айнала бере жасын сүртті. Қипақтап қасынан кетпей тұрған бұған көз қиығын салмастан сыртқа шығып кетті. Сонан бері бұнда маза жоқ. Күн ұзын теңізде боп, сонан кеш түскесін, бірде ерте, бірде кеш үйге келгенде табалдырықтан аттай бере сырт киімін шешпестен бұрын Ақбаланың ажарына қарайды. Үндемесе де, ішінен азып жүр. Қандай да жанын жеген дерт... Оны бұның өзі де біледі: қыр мен ойдағы елге паш болған Ақбала мен бай ауылдың жас мырзасы екеуінің арасындағы әлі де үзіле алмай жүрген махаббатты білсе де, бұл бірақ тілінің ұшына алмады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий